Logo
Іздеу
Айдарлар

Экс-әкімнің ұлы 8 жасар қызына зорлық көрсеткені үшін өмір бойына сотталды

/
Экс-әкімнің ұлы 8 жасар қызына зорлық көрсеткені үшін өмір бойына сотталды

А.С. есімді азамат өз қызын жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттеріне итермелегені үшін айыпталған болатын. Ол апелляциялық шағымында ұтылып, енді өмірінің соңына дейін темір торда отырады.

Айыпталушының қорғаушылары қатарында Салтанат Нүкенованың ісімен танылған белгілі адвокат Игорь Вранчев те болған. Алайда олардың уәждері облыстық сот алқасын иландыра алмады. Сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл оқиға 2025 жылдың ақпанында қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Тергеу дерегіне сәйкес, қылмыс 2024 жылдың жазында Петропавл қаласының шеткері ықшамаудандарының біріндегі көпқабатты үйде болған. Балақайдың дәрменсіздігін пайдаланған әкесі оған жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Алайда қыз бала болған жайтты телефон камерасына түсіріп үлгерген.

Кейін анасы бұл суреттерді көріп қалып, дәл осы материалдар тергеу барысында басты айғақтардың бірі болды.

30 жастағы педофил өз әрекетінің сұмдығын да, жазаның салмағын да түсінбеген тәрізді. Оның қорғаушылары оны ақтап алуға барын салған.

«Қорғаушы жәбірленушінің әрекеттерін әдейі жасалған, есеппен істелген қадам деп бағалап отыр. Ол суретке түсірер кезде телефонның дыбысын өшіріп тастаған. Бұл – А.С. оның түсіріп жатқанын естіп қоймауы үшін жасалған әрекет», – делінген іс материалдарында.

Сондай-ақ адвокаттар фотоайғақтарда бейнеленген әрекеттердің жыныстық сипатта екені дәлелденбейді деп сендірген. Тіпті бұл сәтте айыпталушы ұйықтап жатқан, өйткені «оның көзі жұмық болған» деген уәж келтірген.

Қорғаушылар қыздың бар шындықты бірден айтпағанына да назар аудартуға тырысқан. Ол оқиға жайында тек екі ай өткен соң ғана айтып берген.

Сот алқасы қорғаушылардың уәждерін үш ай бойы қарастырып, көпшілігін, соның ішінде «айыпталушы ұйықтап жатқан» деген дәлелді қисынсыз деп бағалаған.

Ал қыздың әрекеті – яғни фотосуретке түсіруі – соттың пікірінше, «оның бала жастағы қызығушылығымен, түсініксіз жағдайға тап болуымен» байланысты болған.

Алайда ер адамның кінәсін нақтылаған негізгі дәлел – оның өз сөздері болды.

«Ол тергеу кезінде бұл оқиғаға дейін де дәл сондай әрекеттер жасағанын мойындап, оны әкелік сезім деп ақтауға тырысқан», – делінген іс құжаттарында.

Сот А.С.-тен қыздың пайдасына 3 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, айыпталушының әкесі – Солтүстік Қазақстанда танымал адам. Ол бұрын төрт ауданның әкімі болған, сонымен қатар «Ауыл» партиясының мүшесі.