Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-та өткен жекпе-жекте Данияр Елеусінов нокаутпен жеңіске жетті

/
АҚШ-та өткен жекпе-жекте Данияр Елеусінов нокаутпен жеңіске жетті
Фото: Matchroom Boxing©

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіби бокс кешінде жұдырықтасты.

Елеусінов филиппиндік боксшы Джеймс Бэконмен (26-5, 17 КО) жекпе-жек өткізді. Кездесу жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жек толық өтпеді: Данияр екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Джеймс Бэкон алтыншы рет жеңілді. Айта кетейік, бұл Елеусінов үшін АҚШ-тағы соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жек болды. Ол соңғы рет Штаттарда 2020 жылдың қарашасында намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутқа түсірген еді.