Logo
Іздеу
Айдарлар

Камерун футболшысы есірткі үшін 8 жылға сотталды

/
Камерун футболшысы есірткі үшін 8 жылға сотталды
Сурет: ҚР ІІМ

Шымкент соты Камерун азаматы, 33 жастағы Мбала Бомба Роджерді синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тарату бойынша кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметінше, ол 1,5 кг синтетикалық есірткімен биыл наурыз айында ұсталған. Ол Telegram арқылы таратқан болуы мүмкін.

Футболшы өз кінәсін мойындамай, бұл іске қатысы жоғын айтқан. Сонымен қатар, елде мерзімі өтіп кеткен виза негізінде жүргенін растады. Жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейтін болды.