Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандылық модель әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

/
Қарағандылық модель әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Қарағандылық модель, Alika_Augustova деген лақап атпен танымал ару Threads желісінде арандатушы жазба жариялады. Артынша желіде үлкен жанжал туындады.

«Ох уж этот полукалбитский диалог. Самое тупое это видеть, как казах, который ж…пу рвёт за “казакша сойле”, в итоге общается на вот таком…», - деп жазды ол.

Бұл жазба бірден ашу-ыза толқынын тудырды. Желі қолданушылары жаппай наразылық білдіріп, жазбаның скриншоттарын таратып, шағымдана бастады.

Нәтижесінде бойжеткен Threads-тегі аккаунтын өшіріп, жағдайды жұмсарту үшін Instagram желісінде кешірім сұраған бейнежазба жариялады.

Алайда бұл тым кеш еді – оған қарсы полицияға арыз түсірілді.

Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы — «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл бап бойынша жаза — 2 жылдан 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру.