Logo
Іздеу
Айдарлар

Туризм вице-министрі Ержан Еркінбаевқа қатаң сөгіс берілді

/
Туризм вице-министрі Ержан Еркінбаевқа қатаң сөгіс берілді
Сурет: Үкімет

Бұл шешім туристік орындардың инфрақұрылымын тексеру нәтижесінде қабылданды. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарындағы туристік орындарды аралауының қорытындысы бойынша бірқатар шенеуніктерге тәртіптік жаза қолданылды.

Президент тапсырмасын орындау аясында жауапты лауазымды тұлғаларға мынадай тәртіптік шаралар қабылданды:

▪️туризм және спорт саласын қадағалайтын вице-министрге (қазіргі уақытта бұл қызметті Ержан Еркінбаев атқарады), сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облысы әкімдерінің туризмге жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;

▪️Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановқа, Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаевқа, Алакөл ауданы мен Мақаншы ауданы әкімдеріне, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдеріне сөгіс жарияланды;

▪️кәсіпкерлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау, сәулет және сауда салаларына жауапты облыстық басқарма басшыларына да тәртіптік шаралар қолданылды.