Logo
Іздеу
Айдарлар

Онлайн махаббат: астаналық әйел 9 млн теңгесінен айырылды

/
Онлайн махаббат: астаналық әйел 9 млн теңгесінен айырылды
Сурет: ашық дереккөзінен

Желі қолданушылары өздерін шетелдік сүрбойдақ етіп көрсететін алаяқтардың құрбанына айналуда. Мұндай жағдайдың соңы — жүрек жарасы мен әмияныңды тонап кетумен аяқталып жатыр.

Мәселен, Астана тұрғыны хат алмасқан адамына сеніп, 9 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылып қалған.

Ішкі істер министрлігі сенгіш әйелдің ақшасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар-жоғын нақтыламады.

Астаналық әйелдің жүрегі жараланғанына байланысты да полиция тарапынан ешқандай пікір айтылмады.

Полиция виртуалды «жүрек жаулаушылардың» жиі кездесетін белгілеріне тоқталып, олардан аулақ болуға шақырды:
— тым жылдам махаббат сөздерін айту;
— бейнеқоңырауға немесе жеке кездесуге келіспеу;
— аяушылық тудыруға тырысу, қиын өмірлік жағдайы туралы әңгімелер;
— ақша аударуды, құжаттар немесе бағалы заттар жіберуді сұрау.