Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Сотта Перизат Қайрат пен оның анасынан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды

Сотта Перизат Қайрат пен оның анасынан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды
Фото: Перизат Кайрат/Instagram

Бүгін Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысында прокурор жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін айыпталушылардан қандай мүліктерді тәркілеу қажет екенін атады.

Автокөліктер:

Mercedes Benz S450,

Lexus LX 600,

Haval H6 GT,

Mercedes Benz Iq 500.

Жылжымайтын мүлік:
🔹 Астанадағы Е-899 көшесінде орналасқан жекеменшік үй, «Vela Village» коттедж қалашығындағы үй және оған тиесілі жер учаскесі;
🔹 Астанадағы Амман көшесі, 21-үйде орналасқан пәтер (ЖК Akbulak Riviera);
🔹 Тәуелсіздік көшесі, 56/2-үйдегі пәтер (ЖК Sensata Group);
🔹 Қазыбек би көшесі, 7а-үйдегі пәтер (ЖК Көк Жайлау);
🔹 Нәжимеденов көшесі, 2-үйдегі пәтер (ЖК Highvill Gold Ishim);
🔹 Highvill Gold Ishim және Akbulak Riviera тұрғын үй кешендеріндегі паркинг орындары.

Қосымша:
— Перизат Қайраттың 46,7 млн теңге көлеміндегі дебиторлық қарызы бар екені айтылды.
— Сонымен қатар, үстел теннисі федерациясының шотында 10 млн теңге бар екені көрсетілген.

Прокурор талап еткен басқа да тәркілеу нысандары:
🔹 Rebel Flowers компаниясындағы жарғылық капиталдың 100 пайыз үлесі;
🔹 Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған сәндік бұйымдар: сөмкелер, әшекейлер, аяқ киім мен аксессуарлар;
🔹 Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның жеке шоттарындағы ақшалар, қайырымдылық қоры мен гүл дүкенінің есепшоттарындағы қаржы.