Threads желісіндегі араздық тудыратын жазбалар үшін қарағандылық тұрғын екі айға қамауға алынды.
Әлеуметтік желідегі арандатушы пікірлер 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қылмыстық іске ұласты.
Қарағанды облыстық ПД бұл деректі растады — қызға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша («Ұлтаралық араздықты қоздыру») іс қозғалған.
22 шілдеде Қарағанды қаласының соты тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырып, Мұхамадиеваны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Тергеу амалдары жалғасуда.