Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандыда кәріз құдығында жұмысшылар қаза тапты

/
Қарағандыда кәріз құдығында жұмысшылар қаза тапты

Қарағандыда кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде «Қарағанды Су» компаниясының екі қызметкері қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар жөндеу жұмыстары кезінде кәріз газдарынан уланып, улы буға тұншығып қалған.

Компания өз қызметкерлерінің қаза тапқанын растады және арнайы комиссия жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады.