Logo
Іздеу
Айдарлар

Полиция ауруханалар мен перзентханаларды күзетке алды

/
Полиция ауруханалар мен перзентханаларды күзетке алды
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Мәселе медицина мекемелерінің қабылдау бөлімдері туралы. Бүгін Үкімет отырысында медицина қызметкерлерін қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарындағы қауіпсіздікті арттыру жолдары талқыланды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ауруханалар мен перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдеріне тәулік бойы полиция бекеттері қойылған. Барлығы 115 денсаулық сақтау нысаны күзетке алынды. Оқиғаларға жедел әрекет ету үшін патрульдік бағыттар аталған мекемелерге жақындатылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, 2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелер мен денсаулық сақтау саласының өзге де қызметкерлеріне жасалған 170-тен астам шабуыл тіркелген.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов денсаулық сақтау, ішкі істер және әділет министрліктеріне медициналық қызметкерлерге қызмет бабында күш қолданғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын заңнамалық өзгерістерді 10 күн ішінде әзірлеп, енгізуді тапсырды.