Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодар облысының тұрғыны өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

/
Павлодар облысының тұрғыны өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Сурет: pixabay

Педофил сотта баламен жақын қатынас оның өз еркімен болғанын дәлелдеуге тырысқан. Сот 48 жастағы ауыл тұрғынына үкім шығарды. Ол өгей қызын зорлады деп айыпталды. 

Қылмыстық іс жабық түрде қаралды. Бұл іс 2024 жылдың наурызында қыз баланың мектептегі психолог-мұғалімге жүгінуінен кейін қозғалған.

Қыз бала өзін түнгі қорқынышты түстер мазалайтынын айтып, оның себебін өгей әкесінің 2024 жылғы желтоқсанда оны зорлауымен байланыстырған. Ол кезде қыздың жасы 13-те болған. Осыдан кейін күдікті қамауға алынған.

Сот отырысында айыпталушы қызбен жақын қатынастың бірнеше рет болғанын және бәрі өзара келісіммен болғанын айтқан.

Алайда сот бұл пікірмен келіспей, қыздың қорыққандықтан ешкімге тіс жармағанын және оның келісімі болмағанын анықтады. Сонымен қатар, қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалғандықтан, бұл ауырлататын жағдай ретінде ескерілді.

Судья Нұрлан Айтбаев айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылсын деген үкімді жариялады.

Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.