Әлемге әйгілі актер Брюс Уиллис маңдай- самай бөлігі деменциясының соңғы сатысында. Бұл туралы оның отбасы ресми түрде мәлімдеді. Жақындарының айтуынша, 70 жастағы Уиллис бүгінде сөйлеу, оқу және жүру қабілетінен айырылған.
Ауру актердің есте сақтау қабілетін, денесін, тіпті шығармашылық өмір жолына қатысты естеліктерін түгелдей жойған. Қызының сөзіне қарағанда, қазіргі жағдай – «тірі жанның көзі ашық күйінде өшуі» секілді.
Брюс Уиллис 2022 жылы алғаш рет афазия диагнозынан кейін киноөнерден кеткені жарияланған болатын. Арада бір жыл өткенде, дәрігерлер диагнозды нақтылап, маңдай- самай бөлігі деменция екенін растады. Бұл – есте сақтау мен мінез-құлықты реттейтін мидың маңдай және самай бөліктерін зақымдайтын ауыр нейродегенеративті ауру.
Актердің отбасы оның жағдайы туралы ақпаратты қоғаммен бөлісуді маңызды деп есептейді. Олар деменцияға шалдыққан жандар мен олардың туыстары үшін бұл диагноздың қандай сынақ екенін көрсету арқылы, қоғамдық түсіністік пен қолдау деңгейін арттыруды көздеп отыр.
Брюс Уиллис – «Қатаң нұсқау» (Die Hard), «Бесінші элемент», «Армагеддон» және «Алтыншы сезім» секілді кинотуындылар арқылы әлемге танылған актер. Оның экрандағы бейнесі – батылдық пен харизманың символы болған. Бүгінде ол өмірінің ең қиын кезеңін бастан кешуде.