Logo
Іздеу
Айдарлар

"Арамызда ештеңе қалмайды, бәрі бәрін біледі": Мөлдір Мұқан ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

/
"Арамызда ештеңе қалмайды, бәрі бәрін біледі": Мөлдір Мұқан ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан

Белгілі театр және кино актрисасы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында өз өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі алғаш рет киноға түсіп, бұл жұмысты өмірінің ерекше кезеңімен байланыстырғанын айтты:

"Достар, мен кино түсірдім! Өмірімнің өтпелі кезеңінде қабылдаған ең үлкен шешімдердің бірі – осы туынды. Сол сәттегі сезімдерімді көрерменмен бөлістім. Бұл менің кино саласындағы алғашқы дебютім. Қатты қобалжып отырмын, қолдауларыңызды күтем!" – деп жазды актриса.

Мөлдір Мұқан жаңа фильмінде қазіргі қазақ қоғамының заманауи бейнесін көрсетуге тырысқанын да атап өтті:

"Бұл фильмде мен өзімнің бірнеше арманымды орындадым. Соның бірі – ауыл өмірін емес, эстетикаға толы, заманауи өмірді және сұлу Астанамызды көрсету. Қазір көпшілік әдемі үйлерде тұрады, жақсы өмір сүреді. Неге біз тек түрік пен корей сериалдарының сұлулығына тамсанамыз? Біздің өзімізде де сондай әдемілік бар ғой! Бұл кино тек менің өмірім емес, бәріміздің өміріміз туралы. Достық, отбасы, ауызбіршілік секілді құндылықтарды көрсеткім келді", – деді ол.

Жазбасының соңында актриса көрермен назарын аударған жұмбақ жол қалдырды:

"20 қарашадан кейін арамызда ештеңе қалмайды. Бәрі бәрін біледі!" – деп аяқтады ол.