Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жеңіске бірге жетейік! Жақында…": Дариға Бадықова ел естімеген жаңалығын жария етті (ФОТО)

/
"Жеңіске бірге жетейік! Жақында…": Дариға Бадықова ел естімеген жаңалығын жария етті (ФОТО)
Alash.kz коллажы

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі көрермендерді өзінің жаңа туындысы – "Ыстық ұя" фильміне қолдау көрсетуге шақырды.

"Киноға барып үлгеріңіздер уақыт өтіп жатыр тоқтап қалдыма деп жүрмеңіз. Мен – сіздердің араларыңыздан шыққан, өз араларыңызда өсіп-өнген қызбын. Бүгінгі жетістігім – сіздердің де қуаныштарыңыз деп сенем. Әрі қарай жеңіске бірге жетейік", – деп жазды актриса.

Бадықова өз жазбасында көрерменге ерекше алғыс айтып, жаңа жобасының халыққа арналғанын атап өтті:

"Мен – халықтың қызымын. Ыстық ұя – халықтың киносы. Ауыл-аймақ, алыстағы көрермен, әлі бармасаңыз – қапы қалмаңыз", – деді ол.