Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: Arasha.kz

Бүгін үкіметтегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарды қалай жазалайтынын айтты.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған арнайы бап (158-бап, 1-тармақ) енгізіледі.

Жаңа нормаға сәйкес:

▪️ бір медицина қызметкеріне қорқыту не шабуыл жасау — 2 жылдан 7 жылға дейін,
▪️ төтенше жағдай кезінде — 10 жылға дейін,
▪️ егер бірнеше медицина қызметкеріне жасалса — 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.