Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Ресейде 43 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Ресейде 43 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Сурет: ашық дереккөзінен

Амур облысында жоғалып кеткен Ан-24 ұшағы Тында қаласының маңында апатқа ұшыраған. Оның қалдықтары қаладан 15 шақырым жерде табылды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ бортында 43 адам болған, олардың ішінде 5 бала және 6 экипаж мүшесі бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе апатынан аман қалғандар жоқ.

Құтқарушылар Ан-24 ұшағы құлаған жерге жер арқылы жетіп жатыр. Қайғылы оқиғаның ықтимал себептерінің бірі – нашар көріну жағдайында ұшқыштардың қону кезіндегі қателігі.