Еуроодақтың 18-ші санкциялық пакеті «Роснефтьтің» Үндістандағы ең ірі мұнай өңдеу зауытына (НПЗ) ауыр соққы болды.
Бұған дейін зауыттың өнімдерін Еуропаға жеткізуге тыйым салынғаннан кейін, енді оған шикізат жеткізушілер де теріс айнала бастады.
Reuters хабарлауынша, Nayara Energy компаниясы алғаш рет ресейлік Urals маркалы мұнайдың кезекті жеткізіліміне қол жеткізе алмады.
Шамамен 700 мың баррель мұнай тиеген Omni танкері 18 шілдеде Гуджарат штатындағы Вадинар портына келіп жеткен еді. Алайда дәл осы күні Еуроодақ санкциялардың жаңа пакетін жариялаған. Салдарынан танкер бағытынан тайып, Пенджаб штатындағы Мундра портына бұрылуға мәжбүр болды.
LSEG, Kpler және салалық дереккөздерге сүйенген Reuters агенттігі бұл оқиғаны Nayara Energy үшін айтарлықтай соққы деп бағалап отыр. Компанияның 49,13 пайызы ресейлік «Роснефтьке» тиесілі екенін айта кеткен жөн.