Шерзаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сотталғандардың бірі — Думан Ысқақ — жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы жәбірленуші тарапты қорғаған адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
"Апелляциялық шағым қаралуын күтпестен, алғашқы инстанция үкімі бойынша жазасын өтеген кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа қатысты бұлтартпау шарасы 2025 жылғы 23 шілдеде Алматы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мусабекованың қаулысымен алып тасталды. Осылайша ол қамаудан босатылды", – деді адвокат.
Айта кетейік, Думан Ысқаққа ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Сонымен қатар, адвокаттың мәліметінше, Шерзат ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарау 18 тамызға белгіленген.