Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алшынбаеваға қатысты үкім бүгін шығарылады.
«П.Қайрат пен Ғ.Алшынбаеваға қатысты істің үкімі бүгін, 25 шілде күні сағат 15:00-де жарияланады», — деп мәлімдеді соттан.
Еске салайық, бастапқыда Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған болатын.
Қайрат басшылық еткен қордың бірқатар құрылтайшылары Amanat партиясының мүшелері болған. Даудың өршуі кезінде оның Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясы президенті қызметінен босатылғаны белгілі болды.
16 қарашада Қайратқа Палестина халқына көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгені жымқырды деген тағы бір айып тағылған. Кейінірек оның Астанада екі айға қамауға алынғаны хабарланды.
13 желтоқсанда сот санкциясымен Перизат Қайраттың жылжымайтын мүліктері мен басқа да дүние-мүлкіне тыйым салынды. 18 желтоқсанда Перизат Қайрат ісінен кейін БҚО-дағы қорлар да тексеріле ме деген сұрақ туындады.
20 желтоқсанда оның анасын да бұл іс бойынша күдікті ретінде танығанын хабарланды.
19 ақпанда Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау кезінде алаяқтық жасады деген жаңа қылмыстық істі тіркегенін хабарлады.