Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

/
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
Сурет: Қарулы күштер министрлігі

Әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі әуе көлігінің жоғалып кеткенін растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орны ретінде Алматы облысы болжанып отыр. Бұл туралы Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

«Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деп нақтылады Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі.

Маршруты, экипажы немесе тікұшақтың нақты жоғалған орны туралы басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.