Logo
Іздеу
Айдарлар

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

/
Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: ашық дереккөзінен

Бүгін Астанада атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Перизат Қайрат алаяқтық пен ақшаны заңсыз иемдену бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Arasha.kz.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:
🔹 аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;
🔹 қылмыстық жолмен алынған ақшаны алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен заңдастыру (жылыстату);
🔹 аса ірі көлемде ақшаны жылыстату.

Іспен бірге қаралған оның анасы – Ғайни Алшынбаева да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Перизат Қайраттың, оның анасы мен қорғаушысының сөз сөйлеуі жабық режимде өтті. Бұған дейін қорғаушы тарап кінәсіздікті дәлелдейтін бұлтартпас айғақтардың бар екенін мәлімдеген еді.

Өз сөзінде Перизат тағылған айыптармен келіспейтінін айтқан.

Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан 50 азаматтық талапты қанағаттандыру үшін 1,5 миллиард теңге өндіріп алу көзделген.