Logo
Іздеу
Айдарлар

Энергетика саласындағы шенеунік парақорлық күдігімен ұсталды

/
Энергетика саласындағы шенеунік парақорлық күдігімен ұсталды
сурет: ҰҚК

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-арнасында хабарланды. Әдеттегідей, шенеуніктің аты-жөні аталмаған, дегенмен мәселе Энергетика министрлігіне қарасты Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы туралы болып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

ҰҚК-нің мәліметінше, аталған тұлға жүйелі түрде жер қойнауын пайдаланушылардан заңсыз пайда алуға мүмкіндік берген жемқорлық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде:

- Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану

- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу

ҰҚК бұл күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкцияланғанын хабарлады. Басқа мәліметтер жария етілген жоқ.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті таратып, оның орнына ҰҚК құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құруды тапсырған болатын.

Айта кетейік, шілде айының ортасында осы жаңа құрылым Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысын – салық қызметкерін де ұстаған еді.