Logo
Іздеу
Айдарлар

Асу Алмабаев Абу-Дабиде жеңіске жетті (Видео)

/
Асу Алмабаев Абу-Дабиде жеңіске жетті (Видео)
Сурет: видеодан скрин

Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде перулік Хосе Очоаға қарсы жекпе-жекте сәтті өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық спортшы үш раунд бойы қарсыласын толықтай басымдықпен жеңіп, төрешілер шешімімен жеңіске қол жеткізді.

Алмабаевтың бұрышында DAR Team командасының мүшесі, Қазақстанның тағы бір мақтанышы Шавкат Рахмонов болды.

Бұл жеңіс 31 жастағы Асу үшін UFC-дегі бесінші жеңісі болды (бір жеңіліс бар). Кәсіби ММА-дегі жалпы көрсеткіші – 22 жеңіс, 3 жеңіліс.

Алмабаев қазіргі таңда UFC-дің салмағы 56,7 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінің рейтингінде 9-орында тұр және бұл жеңіс оны дивизион элитасына тағы бір қадам жақындата түсті.