Logo
Іздеу
Айдарлар

Берденовты атқан Ернар Жиенбай тергеу барысында азаптау көргенін мәлімдеді

/
Берденовты атқан Ернар Жиенбай тергеу барысында азаптау көргенін мәлімдеді

Бүгін Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Алдын ала тыңдау Руслан Берденовтің қатысуынсыз өтті. Сотта оның денсаулығына байланысты келмегені хабарланды.

Отырыс барысында Ернар Жиенбай тергеу кезінде өзіне азаптау қолданылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы тиісті дәлелдер ұсына алатынын айтты.

Айыпталушы сот процесі кезінде өзін түсіруге тыйым салды және алқабилердің қатысуынан бас тартты. Оны төрт адвокат қорғайды.

Келесі сот отырысы 6 тамыз күні сағат 10:00-ге белгіленді. Судья келесі отырысқа жәбірленуші Берденовтің жеке қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.