Әзербайжан газын жеткізудің алғашқы сынақ партиясы Трансбалқан дәлізі арқылы – Румыния мен Болгария аумағынан өтті. Бұл туралы «Нафтогаз» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Нафтогаз» Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) еншілес құрылымы – SOCAR Energy Ukraine компаниясымен газ жеткізу жөнінде келісім жасасты.
Шілде айының басында ExPro Consulting компаниясының сарапшысы Михаил Свищоға сілтеме жасаған РБК-Украина басылымының жазуынша, Трансбалқан бағытымен жүргізілген сынақ жеткізілімдерінің көлемі тәулігіне шамамен 160 текше метрді құрайды.
Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта Украина газды негізінен Венгриядан (тәулігіне 9,6–9,7 млн текше метр), Польшадан (8,3–8,4 млн текше метр) және Словакиядан (7,6 млн текше метр) импорттап отыр.