Logo
Іздеу
Айдарлар

Қостанайда Ресейдің әскери-теңіз күштері күнін атап өткендерге айыппұл салынды (ВИДЕО)

/
Қостанайда Ресейдің әскери-теңіз күштері күнін атап өткендерге айыппұл салынды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скрин

Қазақстанда Әскери-теңіз күштері күні ресми түрде 2 сәуірде атап өтіледі. Алайда 27 шілде күні Қостанайда бір топ адам КСРО Әскери-теңіз флотының күнін атап өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Іс-шара қала әкімшілігімен келіспей өткізілгендіктен, ұйымдастырушыларға айыппұл салынды.

Ардагерлердің қатысуымен рұқсат етілмеген іс-шара өткізгені үшін ұйымдастырушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Прокуратура рапортты тіркеп, материалдарды құқықтық баға беру үшін полицияға жіберген.

Айта кетейік, КСРО Әскери-теңіз күштері күні бұрын соңғы шілденің жексенбісінде аталып өтетін. Қазіргі таңда бұл күн Ресейде тойланады, ал Қазақстанда бұл күн 2 сәуірге белгіленген.