Logo
Іздеу
Айдарлар

Төрт салмақты бағындырған әлем чемпионы қайтыс болды

/
Төрт салмақты бағындырған әлем чемпионы қайтыс болды
Алехандра Оливерас. Фото: JUAN MABROMATA/AFP via Getty Images

Аргентинадан шыққан әйгілі боксшы, төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Алехандра Оливейрас 47 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спортшы 14 шілде күні ишемиялық инсультпен Санта-Фе қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ол дүйсенбі күні қайтыс болған.

Оливейрас бокстағы мансабында екі рет WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, WBA (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) және WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) тұжырымдары бойынша бір-бір реттен әлемдік титул жеңіп алған.

Кәсіпқой рингте 33 жеңіске (оның 16-сын нокаутпен) жетіп, үш рет жеңіліп, екі жекпе-жекте тең түскен.