Logo
Іздеу
Айдарлар

Ең сорақысы қазақстандық таксист оның интимді жерінен ұстаған

/
Ең сорақысы қазақстандық таксист оның интимді жерінен ұстаған
Фото: коллаж arasha.kz

Қазақстанда америкалық журналист Хоуп Лаудон такси жүргізушісінің тарапынан болған қорлық туралы айтып, әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Оның айтуынша, Сарыағаштан Шымкентке дейінгі жолда таксист агрессивті және қорқынышты әрекеттер көрсеткен.

Журналисттің сөзінше, ол Ташкентке бара жатқан пойыздан виза болмағандықтан түсірілгеннен кейін қиын жағдайда қалған. Қолында байланыс құралдары, қолма-қол ақшасы мен билеті болмаған. Оған жергілікті жасөспірім көмектесіп, такси шақырып берген.

Хоуптың айтуынша, жүргізуші жылдамдықты асырып, телефонмен сөйлесіп, қосымша ақша талап еткен. Шымкентке жеткенде, оны бейтаныс жерге апаруға тырысқан. Бірақ журналист қаланың ішінде түсіруді талап еткен.

Ең сорақысы көліктен шығар алдында таксист оны интимді жерінен ұстаған. Хоуп айқайлап жібергеннен кейін ғана жүргізуші тоқтаған.

Бұл оқиға қоғамда түрлі пікір тудырды. Бірі Хоуптың айтқандарын Қазақстандағы әйелдердің, әсіресе жалғыз жүретіндердің, осал жағдайын дәлелдейтін оқиға деп бағаласа, енді бірі журналистің әрекетін асыра сілтеу немесе назар аударту талпынысы деп бағалады.

Шымкент қаласының полициясы таксисті анықтап, оны ұсақ бұзақылық пен жол ережесін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Журналистке көмек көрсетілген. Кейін Хоуп Лаудон қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.