Logo
Іздеу
Айдарлар

Жамбыл облысында оқ тиген төрт адам ауруханаға түсті

/
Жамбыл облысында оқ тиген төрт адам ауруханаға түсті
Сурет: ашық дереккөзінен

Мойынқұм ауданында жаппай төбелес болып, арты атысқа ұласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

HALYQSTAN телеграм арнасының хабарлауынша, оқиға шамамен түнгі сағат 22:00 шамасында Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесіндегі дүкендердің бірінің жанында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, дүкеннің кіреберісінде бір топ белгісіз адамдардың арасында жанжал туындап, кейін қару қолданылған төбелеске ұласқан.

Нәтижесінде 1997, 1999, 2003 және 2006 жылы туған жігіттер түрлі дәрежедегі оқ жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Мойынқұм ауданына қосымша күш ретінде Шу және Меркі аудандарынан полицейлер, сондай-ақ Жамбыл облыстық прокуратурасының бірқатар басқармаларынан қызметкерлер жіберілген.

«Құрықтау» жоспары жарияланды. Іздеуде жүрген көліктер: «Land Cruiser 105» (мемлекеттік нөмірі 599AQD08) және «Land Cruiser 200» (мемлекеттік нөмірі 200TAU02).

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің бірнеше адамға алдын ала сөз байласу арқылы кек алу мақсатында қару қолданып кісі өлтіруге оқталу бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.