Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың немере інісі — Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі қысқартылды. Бұл туралы «За нами уже выехали» Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Хабарламада айтылғандай, Степногор қалалық соты Байжановтың рақымшылыққа ілінуіне байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қараған. Байжанов сот процесін бұқаралық ақпарат құралдарынсыз өткізуді қалағанымен, судья Ақышев бұл өтінішті қанағаттандырмаған.
Сот шешімі бойынша, Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесіне дейін болған. Алайда енді оның мерзімі үштен бір бөлікке, яғни 8 ай 8 күнге қысқартылып, бостандыққа 2026 жылдың қарашасында шығатын болды.
Мерзімнің қысқаруына түзету мекемесі өкілдерінің Байжановқа берген жағымды мінездемесі мен сот шешімі бойынша өтемақылардың толық төленуі себеп болған.
«Жазасын өтеу барысында оң мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша талаптар толық өтелген. Қамауда ұстау жағдайында тәртібі – бірінші оң деңгейде, екі рет ынталандырылған», – делінген мінездемеде.
Прокурор да түзету мекемесінің өкілдерімен келісіп, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.