Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлыбритания да Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындамақ

/
Ұлыбритания да Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындамақ
Сурет: Reuters

Ұлыбритания қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Палестина мемлекетін мойындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы BBC Russian қызметі жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Британ премьер-министрі Кир Стармердің айтуынша, егер Израиль Газа секторындағы ауыр жағдайды тоқтатпаса, Лондон осындай шешім қабылдайды.

Оның сөзіне қарағанда, Израиль атысты тоқтатып, бейбіт процесті қалпына келтіруге, «екі халыққа — екі мемлекет» қағидаты аясында шешім іздеуге, БҰҰ-ға палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беруге және Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы аумақтарды аннексиялаудан бас тартуға тиіс.

Егер бұл талаптар орындалмаса, Ұлыбритания Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.