Logo
Іздеу
Айдарлар

АЭС құрылысы қашан басталатыны ресми аталды

/
АЭС құрылысы қашан басталатыны ресми аталды
Фото: ашық дереккөзден алынды

8 тамызда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы ресми түрде басталмақ. Бұл туралы жобаны іске асырушы «Қазақстан атом электр станциясы» компаниясы, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құрылыс алаңы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңы таңдалған. Станцияны ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы салады. Жоба шеңберінде алғашқы кезеңде жердің геологиялық жағдайын зерттеу үшін топырақ сынамасын алу жұмыстары жүргізіледі. Алынған үлгілер арнайы капсулаға салынып, зерттеу мақсатында Ресейге жөнелтіледі.

Айта кетейік, 2024 жылы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасы бойынша консорциум лидері ретінде танылған болатын. Дегенмен, ресми билік алдағы уақытта салынатын жаңа станцияларда Қытаймен серіктестікті басты бағыт ретінде қарастырып отыр.