Logo
Іздеу
Айдарлар

Әскердегі суицидті азайту үшін бе? – жаңа әдістемелік туралы

/
Әскердегі суицидті азайту үшін бе? – жаңа әдістемелік туралы
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда әскерге шақырылған жастардың психологиялық жай-күйін ерте кезеңде анықтауға бағытталған жаңа PSY-РИСК әдістемесі ресми түрде енгізіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрлік мәліметінше, әдістеме әскердегі жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыру мен суицидке жол бермеуді көздейді.

«PSY-РИСК әдістемесін Қорғаныс министрлігінің әскери психологтары әзірледі. Ол 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде сәтті сынақтан өтті. Нәтижесінде суицидке бейімділік белгілері бар 470-тен астам жас дер кезінде анықталып, әскерге шақырылмады немесе қосымша тексеріске жіберілді», – делінген ресми хабарламада.

PSY-РИСК дегеніміз не?

Бұл – бірнеше кезеңнен тұратын психодиагностикалық жүйе:

Бірінші кезең – бастапқы скрининг (жалпы тексеру),

Екінші кезең – тереңдетілген психологиялық зерттеу,

Үшінші кезең – қажет жағдайда психиатриялық сараптама.

Мақсат – психоэмоционалдық тұрақтылығы жеткіліксіз азаматтарды әскерге шақырмау және олардың денсаулығына зиян келтірмеу.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл әдіс алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізілетін болады.