Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады": Министр хиджаб кию мәселесін көтерді

/
"Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады": Министр хиджаб кию мәселесін көтерді
Ulysmedia.kz коллажы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептегі форма талаптарын сақтамаған оқушылардың ата-аналары заң бойынша жауапкершілікке тартылуы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр білім беру ұйымдарының ішкі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

"Мектептер өздерінің ішкі жарғыларына сәйкес, мектеп формасын қатаң сақтауды талап етуі керек. Ата-аналарды мектеп формасын бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікке тартатын заңнамалық база бар екенін ескерткім келеді. Барлығы мектептердің ішкі ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл тек хиджабтарға, орамалға ғана қатысты емес. Бұл білім беру ұйымдарында мектеп формасын қатаң сақтауға қатысты", – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, 12 шілдеден бастап Қазақстанда ниқаб киюге тыйым салынған. Ережеге сәйкес, қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімді киюге болмайды.