Logo
Іздеу
Айдарлар

Пачка-пачка ақшасын қалтасынан шығарып, аспанға шашқанын көрдім – Тұңғышбай Жаманқұлов

/
Пачка-пачка ақшасын қалтасынан шығарып, аспанға шашқанын көрдім – Тұңғышбай Жаманқұлов
ашық дереккөзден. Суретте: Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Назарбаев

Атақты театр әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен араласқан кезеңін еске алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Болат Назарбаевтың екінші әйелі Майра мен Жаманқұловтың жұбайы бірқатар тойларда танысып, араласып кеткен. Сол себепті Майра шақырған мерекелік жиындарға актер де бірге баратын болған.

"Болат Назарбаевтың екінші әйелі Майра мен менің келіншегім бір тойларда кездесіп, сыйласып қалған еді. Майра кейіннен тойларға шақырған соң, келіншегіммен мен де бірге баратынмын. Бір-екі тойында болдық. Сол тойларда Бөкеңнің көңілі толып, қалтасынан пачка-пачка ақшасын шығарып, аспанға шашқанын көрдім. Көрдім де, оған: "Бөке, мынау ұят болады ғой. Үлкен кісіден ұят болады ғой. Біреу-міреу түсіріп алып, салып жіберсе не болады" деп едім. "Қойшы, не болар дейсің" деп жауап берді. Кейін-кейін сап тыйдым. Баруды қойдым", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.