Logo
Іздеу
Айдарлар

Шерзат Полаттың үйін өртеу ісі бойынша тергеу тоқтатылды

/
Шерзат Полаттың үйін өртеу ісі бойынша тергеу тоқтатылды
Сурет: видеодан скрин

Алматы облысында Шерзат Полаттың отбасына тиесілі үйдегі өрт фактісі бойынша тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында өңірлік прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Прокуратура тергеудің ұзаққа созылуын халықаралық құқықтық көмек рәсімдерін орындаумен түсіндірді.

Қадағалаушы органның хабарлауынша, қылмыстық істі тергеу мерзімі ҚПК-нің 45-бабы, 7-бөлімі, 5-тармағына сәйкес құқықтық көмек көрсету бойынша процессуалдық әрекеттер жүргізілуіне байланысты тоқтатылған. Іс бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша тергелуде.

Өрт 2024 жылдың 12 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында түнде болған. Бұл оқиға 16 жастағы Шерзат Полаттың Талғар қаласында қаза тапқанынан сегіз күн өткен соң орын алған. Сол кезде дүкендердің бірінің маңында төбелес болып, Шерзатқа пышақ салынған, алған жарақатынан ол көз жұмған, тағы екі адам жараланған. 2025 жылдың маусым айында Ішкі істер министрі отбасына тиесілі үйді өрттеу ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтқан еді.

Бұған дейін Алматы облысында тағы бір резонансты іс – Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша тергеу тоқтатылған болатын.