2025 жылғы 14 тамызда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Е. есімді азаматқа үкім шығарды. Ол кәмелетке толмаған өгей қызын бірнеше рет зорлаған, күш қолданамын деп қорқытып, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іс кәмелетке толмаған қыздың деректерін жария етуге жол бермеу мақсатында жабық сот отырысында қаралды.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің сотқа дейінгі берілген айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді. Сот бұл қылмысты аса ауыр деп танып, жалғыз жаза түрін — өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындады.
Сотталушының жеке басын және жасаған қылмысының сипатын ескере отырып, ол қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойы жазасын өтеуге үкім етілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.