Logo
Іздеу
Айдарлар

"Екі есе көбейеді": Тоқаев бар қазақты қуантатын жаңалығын айтып, мәлімдеме жасады

/
"Екі есе көбейеді": Тоқаев бар қазақты қуантатын жаңалығын айтып, мәлімдеме жасады
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде педагог мамандығында білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы соңғы бес жылда екі есеге артты. Жаңа оқу жылынан бастап бұл төлем 84 мың теңгені құрайды. Бұл жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің республикалық Тамыз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаңа буын мұғалімдерді сапалы даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

"Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді.

Былтыр 1800-ге жуық "Алтын белгі" иегері педагог мамандығына оқуға түскен. Ал биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдап отыр. Бұл – барлық "Алтын белгі" иегерлерінің 23 пайызға жуығы деген сөз. Мұның бәрі қоғамда ұстаздардың абырой-беделінің арта түскенін аңғартады. Мұғалімнің білігін, мәртебесін көтеру және білім сапасын арттыру үшін басқа да көптеген шаралар атқарылды. Нәтижесі жаман емес" – деді президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қазақстандық оқушылардың әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 27 медаль, ал түрлі халықаралық жарыстарда мыңға жуық медаль жеңіп алғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жетістік – шәкірттердің сапалы білімі мен еңбегінің, сондай-ақ мұғалімдердің қажырлы жұмысының нәтижесі.

Айта кетсек, жуырда Мемлекет басшысы үздік оқушылардың бір тобын Ақордаға шақырып, марапаттады. Президент оларды қазақ халқын зияткер ұлт ретінде халықаралық деңгейде танытып жүрген дарын иелері деп бағалады.