Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада биыл 52 бала терезеден құлаған

/
Астанада биыл 52 бала терезеден құлаған
Сурет: Arasha.kz

Жыл басынан бері елордада баланың терезеден құлауы бойынша 52 оқиға тіркеліп, соның салдарынан 39 бала жарақат алып, 13-і қаза тапты. Бұл туралы қалалық ТЖД өкілі Қанат Алтынбеков айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, оқыс жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – терезелерге қорғаныс торлары мен блокаторлардың орнатылмауы, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру немесе үлкен балалардың қарауына қалдыру.

«Ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балаларды қараусыз қалдыруға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу шеңберінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Ювеналды полициямен, МИБ төрағалары және еріктілермен бірлесіп елорданың көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жадынамалар таратып, тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі қағидалары мен балалардың жарақаттануының алдын алуды жеткізе отырып, үгіт-насихат іс-шараларын жүргізуде», – дейді Қ. Алтынбеков.