Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Қарағандыда 46 шахтер қаза тапқан апат ісі бойынша үкім шықты

Қарағандыда 46 шахтер қаза тапқан апат ісі бойынша үкім шықты
Сурет: ашық дереккөзден

Қарағандыда Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сот үкімі жарияланды. Шахта директоры Сергей Мустивко 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Басқа басшылар мен инженер-техникалық қызметкерлер де әртүрлі мерзімге сотталды:

Вадим Еремин, Николай Грознов, Виктор Коптенков – 7 жыл;

Владимир Гоноченко – 6,5 жыл;

Дмитрий Федоренко, Дмитрий Коцар, Виталий Пестряк – 6 жыл;

Төлеген Габдушев, Владимир Шишканов – 5 жыл.

Сот оларды «тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен кінәлі деп таныды. Бұл апат салдарынан 46 шахтер қаза тауып, 28 адам жарақат алды, 70-тен астам адам жапа шегуші деп танылды.

Жарылыс 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада болған. Ресми дерек бойынша, себеп – көмір шаңының нормадан тыс жиналып, жарылысқа әкелуі.

Бұл оқиға «АрселорМиттал Теміртау» тарихындағы ең ірі қайғылы жағдай болып, кейін билік компанияның иесін ауыстыруға шешім қабылдады.