Logo
Іздеу
Айдарлар

Демеу Жадыраев ұзақ уақыт күткен тұңғыш перзентін көрсетті (ФОТО)

/
Демеу Жадыраев ұзақ уақыт күткен тұңғыш перзентін көрсетті (ФОТО)
Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Демеу Жадыраев

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев көптен күткен қуанышын желідегі парақшасында бөлісті, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы Instagram-дағы ресми аккаунтында тұңғыш қызы Дана есімді перзентімен түскен суретін жариялады.

Демеу Жадыраевтың анасы Күлипа Бижанова бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде баласының алғашқы сәбиін ұзақ жылдар бойы күткенін айтқан болатын.

"Бішкекте Олим­пиадаға жолдама ұтып алды. Сол жарысқа барғанда ке­лінім босанып, немерелі болдым. Демеудің бес жыл күткен тұңғышы – Дана қызым өмір есігін ашты. Немеремнің аяғы алтын! Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі. Асыға күткен немереміз әкесінің жолын оңғарып, жетістікке же­туіне септігін тигізді", – деген еді Күлипа Бижанова.