17 тамызға қараған түні топтық жанжал барысында 23 жастағы фельдшер жігітке оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Айтуларынша, оқиға досының тойында басталған. Кейін бірнеше адам арасында топтық төбелес шығып, достары фельдшерді жағдайды шешуге көмекке шақырған. Алайда бұл керісінше жанжалды ушықтырған. Қақтығыс кезінде оқ атылып, жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.
Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын және қамауда отырғанын хабарлады. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жалғасуда, толық мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.