Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан алғаш рет олигархтардың шетелдегі активтеріне сұрау салды

/
Қазақстан алғаш рет олигархтардың шетелдегі активтеріне сұрау салды
Сурет: ашық дереккөзден

Бас прокуратура заңсыз иемденген активтерді іздеу және қайтару үшін Интерполдың жаңа құралына алғаш рет жүгінді. Мұндай іздеу «күміс хабарлама» деп аталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл құрал «қара тізімге» енгендерге (активтері қайтарылуға жататын олигархтар) тиесілі шетелдегі мүлік туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Мәселе тек қозғалатын және қозғалмайтын мүлік жайлы ғана емес, заңсыз жолмен алынған болуы мүмкін қаржы туралы да болып отыр. Бұған дейін Интерпол негізінен адамдарды іздеумен айналысса, енді түрлі елдердің шешімі бойынша бұғатталуы немесе қайтарылуы мүмкін активтерге де назар аударуда. Қазақстанның 196 мемлекеттен ақпарат сұратуға құқы бар.

2022 жылдан бері құқық қорғау органдарының назарында белгілі тұлғалар болды. Мысалы Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыны атауға болады. Олардың ісінде мемлекет барынша қатаң қимылдап, егжей-тегжейлі деректерді жариялап, даулы істер қозғады.

Алайда көптеген олигархтардың жолы болды. Көбінесе ресми органдар тек сандарды жариялап, қайтарылған қаражат немесе актив көлемін ғана айтады, ал иелерінің есімдерін атамайды. Тек Қазақстан ішіндегі жылжымайтын мүлік немесе бизнес нысандары сөз болғанда ғана кейде ерекшелік жасалады.

Мұндай жағдайда активтердің нақты иелерін көбіне журналистер өздері анықтайды, себебі билік есімдерді жарияламағанды жөн көреді.

Бұл мәселені, журналистер премьер-министр Бектеновтің үлкен баспасөз мәслихатында да көтерген еді. Олар: «Неліктен үкімет олигархтарды қорғайды?» деп сұрақ қойды.

Билік өкілдерінің пайымынша, нақты есімдерді жариялау бизнеске, соның ішінде шетелдік серіктестері бар ірі компанияларға зиян келтіруі мүмкін.

Көктемде Антикор өкілі «қазақстандықтардың БАӘ-дегі элиталық жылжымайтын мүлкін жай ғана алып қоюға болмайды» деген болатын.

Бұл тақырыпқа «Азаттық радиосы» командасының біздің отандастарымыздың Дубайдағы элиталық мүліктеріне қатысты ірі зерттеуі де арқау болған еді.