Logo
Іздеу
Айдарлар

Прокурор Ернар Жиенбайды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

/
Прокурор  Ернар Жиенбайды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгінгі сотта прокурор Жиенбайға 11 жыл 3 ай қатаң режимдегі жазаны сұрады.
Сондай-ақ Берденов сотта айыпталушыны «ер адамға тән емес әрекет жасады» деп айыптап, оның өз жұбайын бұл іске араластырғанын сынға алған болатын.

Еске сала кетейік, Берденовке қастандық 21 сәуір кешке жасалды. Әкім орынбасары оқ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Алдын ала деректер бойынша, шенеунікке Шымкент әкімдігіне қарасты ЖШС қызметкері оқ атқан. Қастандық бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Алдын ала нұсқалардың бірі ретінде «қызметтік әдепсіздікке қатысты дау» аталғанымен, Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова бұл нұсқаны жоққа шығарған болатын.