Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандықтар енді АЭС-тің атауын өздері таңдап қоя алады

/
Қазақстандықтар енді АЭС-тің атауын өздері таңдап қоя алады
Stefano Guidi / Getty Images

Қазақстанда салынып жатқан атом электр станциясына атау жалпыхалықтық конкурс арқылы таңдалатын болды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын АЭС-ке атау беру үшін арнайы конкурс ұйымдастыру жұмыстары басталған.

"Президенттің ұсынысына сәйкес, Агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды", – делінген ресми хабарламада.

Аталған комиссия құрамына қоғам белсенділері, шығармашылық индустрия өкілдері, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының мамандары кіреді.