Logo
Іздеу
Айдарлар

Елімізде пойыз билеттерінің тапшылығы қашан жойылады

/
Елімізде пойыз билеттерінің тапшылығы қашан жойылады
Сурет: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов үкіметтегі брифингте Қазақстанда пойыз билеттерінің тапшылығы мәселесі қашан шешілетініне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдыбергеновтің айтуынша, жазғы туристік маусымда қосымша 11 пойыз іске қосылған.

– Қыс мезгілінде тасымал азайғанда біз 30%-ға дейін бос тұрамыз, бірақ соған қарамастан адамдарды ұстаймыз, жалақысын төлейміз, техникалық қызмет көрсетеміз. Сұраныстың маусымдық сипаты бар. Парк жаңартылғаннан кейін бұл мәселе шешіледі, – деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша вагондардың орташа толымдылығы небәрі 73%-ды құрайды. 

– Қыста біз бос тұрамыз, ал жазда – тапшылық пайда болады. Билеттер тапшылығының мәселесі... Жалпы, 2030 жылға қарай шешіледі, сол кезде біз паркті жаңартып, ұлғайтамыз, – деді Алдыбергенов.