Logo
Іздеу
Айдарлар

"Біз дайынбыз": Танымал директор жұмысын қай мектепке ауыстырғанын айтты

/
"Біз дайынбыз": Танымал директор жұмысын қай мектепке ауыстырғанын айтты
ашық дереккөзден. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы

Әлеуметтік желіде танымал Ақмоншақ Нұртазақызы жаңа оқу жылы алдында маңызды жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram парақшасында мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін демеушілерді іздейтінін хабарлады.

"Мектебімізге демеуші болам дейтіндер болса, қуана қабылдаймыз. Қазіргі таңда мектебімізге әдеби кітаптар, домбыра, стендтер, жалюзи, ролл-штор, парта, орындық, панельдер, сондай-ақ көпбалалы оқушыларға мектеп формасы қажет. Жаңа кабинет жасақтап берем дейтін ниетті жандар болса, оған да қуаныштымыз. Біз серіктестікке дайынбыз және демеушілердің жарнамасын жақсы деңгейде жасап, насихаттауға әрқашан әзірміз. Сіздердің қолдауларыңыз мектепке де, оқушыға да үлкен пайдасын тигізері сөзсіз", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.