Logo
Іздеу
Айдарлар

Ернар Жиенбай үкіммен келіспейтінін айтты

/
Ернар Жиенбай үкіммен келіспейтінін айтты
Сурет: видеодан скрин

Руслан Берденовке қастандық жасады деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылған Ернар Жиенбай өзін «Ауыр дене жарақатын қасақана келтіру» бабы бойынша соттау керек еді деп санайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Менің өлтіру ниетім болған жоқ. Руслан Арысбекұлының мен оны өлтіргісі келді деген сөзі – қорқыныштан айтылған деп ойлаймын. Видеода анық көрінеді: егер өлтіргім келсе, қашып құтылуына жол бермес едім. Мен үкім «қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабымен шығады деп ойладым. Себебі қылмыс аяқталған жоқ, биологиялық өлім болмады, — деді Ернар Жиенбай.

Ол сонымен бірге әзірге апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па – айта алмайтынын жеткізді.

— Біріншіден, ол мені еш себепсіз шақырды. Дөрекілік көрсетті: жағамнан алып, «сен ақымақсың, шашың түскен» деді. Мұны оның көмекшісі мен құрылыс басқармасының басшысы да растады. Ал Берденов құрылыс басқармасының басшысына: «Жиембайды отырғызамын, өйткені ол менің көмекшіме дөрекілік көрсетті» деген.

Екіншіден, мен өзім онымен кездескім келді, өйткені ол — Forbes тізіміндегі, биліктегі адам. Кездескім келді. Дәл сол кезде осы жағдай орын алды. Ол маған: «Сенің әйелің сондай болады, мен сені отырғызамын» деді. 21 сәуірде ол өзі мені шақырған, — деді Ернар Жиенбай.