Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада балаларды заңсыз ақша жинауға тартқан

/
Астанада балаларды заңсыз ақша жинауға тартқан

Елордада кәмелетке толмағандарды қайырымдылық атын жамылып ақша жинауға пайдаланған жағдайлар анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Рейд барысында прокурорлар қаланың саябақтарын, сауда-ойын-сауық орталықтарын, қоғамдық көліктері мен көшелерін тексерді.

Тексеру нәтижесінде 2008–2010 жылдары туған сегіз баланың үш қор үшін ешқандай келісімшартсыз «ерікті» болып жұмыс істегені белгілі болды. Қайырымдылық деген желеумен жиналған шамамен 340 млн теңге мақсатсыз пайдаланылған.

Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қорлардың жауапты тұлғаларының әрекеттеріне құқықтық баға берілмек.