Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы": Әнару Құрманәлі тағы да жанайқайын шығарды (ВИДЕО)

/
"Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы": Әнару Құрманәлі тағы да жанайқайын шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Әнару Құрманәлі мен Қалдыбек Құрманәлі

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде өз басынан өткен ауыр жағдайларды бөлісіп, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бұған дейін беті қан-жоса болған суретін жариялап, жұртшылықтың назарын аудартқан еді.

"Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп, бетім осындай болған. Жәй ғана таксиға отырып, үйіме бара жатқан кезімде... Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен Қалдыбек Құрманәлінің бірінші қызымын, тұнғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын... Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар... Егер қаласаңыздар, осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын... Сіздердің қолдауларыңызбен... Бірақ Анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді", – деп жазды ол.

Сонымен қатар ол әкесіне жүрек тебірентер жазба жолдап, одан қорғаныш болуын өтінді.

"Әке, Сізден басқа қорғаным жоқ... Қатты қапалымын, өзімді тастанды және қорғансыз сезініп келемін. 29 жыл бойы... Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы. Мен әлсізбін... Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз мені... Сізден басқа қорғаушым жоқ... Сенерім Алла мен сіз ғанасыз...", – делінген жазбада.